Date of publication: 15.05.2024 17:43
Date of changing: 15.05.2024 17:46

     2024 жылы 17 мамыр күні сағат 10.00-де ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі және жеке тұлғалардың банкроттығын бойынша түсіндіру семинарын өткізуді жоспарлап отыр.

     Семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері: Жоғарғы Сот судьялары, аудандық және әкімшілік облыстық соттардың судьялары, облыстық білім басқармасы, «Атамекен» ҰКП, ХҚКО КеАҚ, облыстар бойынша «Қарызсыз қоғам» жоба кеңесшілері қатысады.

     Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері азаматтар мен кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін қарастырады.

     Өтетін орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің мәжіліс залы.