Date of publication: 05.06.2024 16:09
Date of changing: 05.06.2024 16:10

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-МКД) елорда тұрғындарының меншік салығы бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд.теңгені құрайтынын хабарлайды, оның негізгі үлесі көлік салығы бойынша 2 млрд. 780 млн. теңгені, мүлік 245 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, МКД демалыс маусымы қарсаңында Қазақстаннан тыс жерлерге шығумен түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында салық берешегінің жоқтығына алдын ала көз жеткізуді ұсынады. Берешек болған жағдайда сот орындаушылары мүлікке тыйым салуға, немесе Қазақстан Республикасы азаматының шетелге шығуына шектеу қоюға құқылы екендігі заңнамалық тұрғыдан көзделген.

Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында, электрондық үкімет порталында egov.kz, eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында тексеруге болады

Бұл ретте, әркім өзін елден шығуға уақытша шектелген борышкерлер тізімінде, ҚР Әділет министрлігінің сайтында тексере алады.

МКД барлық азаматтарды салық міндеттемелерін уақтылы орындауға және салық берешегі бар жағдайда толық өтеуге шақырады.

Толық ақпарат 1414/3 нөмірі бойынша немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасында.