
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты барлық мәселелері бойынша, теріс қылықтары мен әдепті емес мінез-құлықтарды қолданған жағдайда 77-32-08 сенім телефонына нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.