Date of publication: 12.07.2024 11:19
Date of changing: 12.07.2024 11:21

ТІЖ рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) және   Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі бекітілген.

         Қағидалардың 3) тармақшасының 14-тармағына сәйкес, ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде ТІЖ рәсімдеуге жатпайды.

Бұл ретте қағидалардың 2) тармақшасының 15-тармағына сәйкес, өнім беруші (алушы әкелу кезінде) мынадай мерзімдерде ТІЖ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 3-1-жолдарында көрсетілген, олар бойынша кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей ұсынады.

Тауарларды өткізу – тауарларды бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.

Осылайша, тауарларды бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде олар бойынша кедендік тазарту жүргізілген тауарлар үшін ТІЖ рәсімдеу міндеттемесі туындайды.

Қазіргі уақытта электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің  модулінде тауарларға арналған декларация бойынша үшінші елдерден импортталған тауарлар «бөлінбеген қоймаға» келіп түскен алкоголь өнімдеріне, соның ішінде этил спирті, сыра өнімдері бойынша, бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін ТІЖ рәсімдеу мүмкіндігі бар.