
Астана қаласының 6000-нан астам тұрғыны соттан тыс банкроттыққа өтінімдерді берді.Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлады.
3 наурыздан бастап "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңды (бұдан әрі - Заң) іске асыру шеңберінде жеке тұлғалардың банкроттыққа өтініштерін қабылдау басталды.
Заң еңгізілгеннен кейін 6896 өтініш келіп түсті. Оның ішінде бүгінгі күні соттан тыс банкроттық рәсімі шеңберінде 1202 жеке тұлға банкрот деп танылды және 4976 азамат шарттардың сәйкес келмеуіне байланысты бас тартты.
2024 жылдың 19 маусымында заңға түзетулер енгізуді көздейтін "Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылғанын қосымша хабарлаймыз.
Түзетулерді қолданысқа енгізу: соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерінде:
- борыш бойынша өтеудің болмау мерзімін есептеу кезінде міндеттемелер бойынша төлемді 1 айлық есептік көрсеткіштен кем есепке алмау;
-коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқықты (талапты)басқаға бергенге дейін есептелсін;
-12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылдауды растауды талап етпеу. Бұдан басқа, банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттар бойынша талап ету құқығы тиесілі барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға мүмкіндік береді.
Яғни, егер ұйымның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату сатысында, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан тиісті шарттар бойынша талап ету құқығы болса, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
#МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана