
2024 жылғы 19 шілдеде, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дүйсен Бұхарбайұлы Әділхановпен кездесу өткізілді.
⚪Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл, уәкіл қызметі туралы, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы айтып өтті, Департаменттің қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.