Date of publication: 01.03.2017 14:07
Date of changing: 01.03.2017 15:57

2017 жылдың 24 ақпан күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудиторлық ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес резидент заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының аудиторлық қорытынды бойынша қызметін тоқтату нәтижелеріне байланысты сұрақтар талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге аудиторлық ұйымның қорытындысы негізінде ерікті түрде таратуды таңдау құқығы берілген болатын немесе мемлекеттік кірістер органдары арқылы салықтық тексеруді жүргізіп тарату мүмкіндігі қарастырылған.

2015 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №293 бұйрығымен (14.07.2015ж. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) салықтар бойынша аудит жүргізу және ұсыну, салықтар бойынша аудиторлық қорытындының тәртібі бекітілді және Салық кодексінің 37-2 бабы бойынша әзірленіп, қолданысқа енгізілген.

Аудит жүргізілетін субъектінің кешенді салықтық тексеруде оның ішінде Салық кодексінің 46-бабында белгіленген мерзімінің шегінде жүзеге асырылады.

Таратудың оңайлатылған тәртібі жағдайында салық төлеушінің жиынтық жылдық кірісі 120 000 еселенген АЕК аспайтын, мерзімінің өтіп кетпеу шегінде түзетулер ескеріле отырып жүргізіледі.

Дөңгелек үстел отырысында өзекті мәселелер талқыланды және дөңгелек үстел қатысушыларының пікірлері тыңдалып, салық төлеушілерді тарату рәсімі бойынша аудиторлық тексеруді жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті