
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары) жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны (230.00 нысалы) тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызда аяқталатынын хабарлайды.
Барлық астаналық мемлекеттік қызметшілерге декларация тапсыруды соңғы күнге қалдырмай және электрондық түрде тапсыруға ұсыныс береміз.
Декларацияны уақытылы табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Барлық қажет ақпаратты Департаменттің www.astana.kgd.gov.kz. сайтынан алуға болады.