Date of publication: 26.08.2024 22:22
Date of changing: 26.08.2024 22:25

”Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әр түрлі тәсілдері көзделген – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар: алғашында - ескерту, қайталап заң бұзғаны үшін – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).

#МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық #налоги#кеден #таможня#казахстан #астана