Date of publication: 02.09.2024 18:19
Date of changing: 02.09.2024 18:20
Құрметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылары!
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылға арналған 270.00 «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» салық есептік нысанының e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында жаңартылуы аяқталғанын хабарлайды.
 
 iOS, Android немесе Huawei платформаларында жұмыс істейтін смартфондарға e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын орнату немесе жаңарту үшін App Store, Google Play немесе AppGallery-ге ауысып, e-Salyq Azamat қосымшасын тауып, орнату немесе жаңарту опциясын таңдауыңыз қажет.