
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі №114-VIII ҚР заңының 1 бабына сәйкес келесідей өзгерістер енгізілді:
8) 551-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац "өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі" деген сөздерден кейін ", егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.";
9) 684-баптың бірінші бөлігі "550," деген цифрлардан кейін "551 (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
10) 720-баптың бірінші бөлігі "551" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы "550," деген цифрлардан кейін "551 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын.