Date of publication: 11.09.2024 12:04
Date of changing: 11.09.2024 12:05

Бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды:



1) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;



2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда фискалдық деректер операторының мәліметтері немесе Салық кодексінің 168-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.



##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана