
Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
1) салықтық есептілікті;
2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;
4) Салық кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.
Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) Салық кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.
Камералдық бақылау Салық кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.