Date of publication: 07.03.2017 15:34
Date of changing: 09.03.2017 11:17

Ағымдағы жылдың ақпан айының 22-26 күндері аралығында Болгарияның Банско қаласында арнайы бөлімше қызметкерлері мен әлем елдері арасында чемпионат өтті.

Халықаралық олимпиада комитетімен танылған халықаралық джиу-джитсу федерациясы (JJIF) турнирі аясында өткізілуде.

Аталған әлем чемпионатына қатысқан біздің әріптесіміз - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық қылмысты тергеудің жедел-іздестіру қызметі басқармасының қызметкері Сүлейменов Дүйсен Дайрбайұлы, 5 кездесудің жеңімпазы Әлем Чемпионы атанды. Болгариядағы Қазақстанның елшісі Темиртай Избастин Чемпионның жеңісімен құттықтады.

Дүйсен 8 жасынан шынығып, жаттығуды бастаған, спорттың үш түрі бойынша: қазақша күрес, жекпе-жек және джиу-джитсудан Спорт шебері.

2014 жылы әлем чемпионатында ол джиу-джитсу бойынша қола медаль иегері атанған болатын.