Date of publication: 10.03.2017 14:23
Date of changing: 10.03.2017 16:49

8-ші наурыз мереке қарсаңында (04.03.2017ж.) мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат турнирі өткізілді. Жас шектеулері қойылмайтын, жалғыз спорт түрі – ол шахмат, мұнда жұрттың бәрі тең.

Өз ісіне берілген ақыл-ойдың ойынына «Алау» спорт кешенінде турнирге қатысушы ерлер мен әйелдер командасын көңілді қарсы алып, есігін ашты.

Төрешілер мен ұйымдастырушылар жарыс ережелерімен таныстырып салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйледі, ойын барысында барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шахмат жарысына қатысқан он екі команданың ойыны адал, әрі құштарлықпен шахмат ойыны қызықты өтті.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті былтырғы жарыстың үш жеңімпазын қатыстырды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен Қазынашылық департаменті командаларына жол беріп, тәтижесінде, жалпы есепте біздің команда 3-ші орынға ие болды.

Айта кететін тағы бір жағдай, өткен жылғы турнирде біздің команда 2-ші жүлделі орынды алған болатын.

Жарыс аяқталғаннан соң жүлдегерлер марапатталды.

Біздің қызметкерлеріміз: Аяғанов Амантай Мухамедьяровичті, Заурбеков Өмирсерік Заурбековичті және Хасенова Гүлден Сейтахметовнаны жеңісімен құттықтаймыз!

Жарайсыңдар! Сіздерге алдағы уақытта үлкен жеңістер тілейміз!

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті