
Түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Сондай-ақ шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті)қолдануға байланысты өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төленуге жататын құны өзгерген кезде қолданылады;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалған;
5) Салық кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;
6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.
##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана