Date of publication: 18.10.2024 16:42
Date of changing: 18.10.2024 16:43

Абайлаңыз, алаяқтар!

Алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет етеді-салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертті.

Сондай-ақ, қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.