Date of publication: 30.10.2024 15:04
Date of changing: 30.10.2024 15:05

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылы құн өсімінен (мүліктік кіріс) табыс алған жеке тұлғалардың атына хабарламалар/хабарлау жіберілгенін сіздің назарыңызға жеткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, мүліктік табыс салығы  меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын (ҚР Салық кодексінің 330, 331-баптары) және басқа да мүлікті сатқан жағдайда пайда болады.

Хабарламалардың қойылғандығы туралы мәліметті электрондық Үкімет порталы және "Салық төлеушінің кабинеті" сайттарының көмегімен тексере аласыз.

Міндетте туындаған жағдайда хабарлама қойылады және "жеке табыс салығы бойынша декларацияны" 240.00-нысан бойынша ұсынуға және құн өсімінің 10% - төлеуге немесе  табыс алынбаған жағдайда "салық төлеушінің кабинеті" арқылы түсініктеме беру қажет.

Астана қаласы бойынша МКД қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұзушылықтар мен шаралар қабылдауды болдырмау үшін, салық міндеттемесін алдын ала орындауды ұсынады.

Салықтар туралы толығырақ ақпарат 1414/3 телефон арқылы немесе Instagram @astana_mkd_dgd_astana парақшасында.