Date of publication: 31.10.2024 14:56
Date of changing: 31.10.2024 14:59

 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қалалық Полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасымен бірлесіп көлік салығы бойынша берешегі бар автокөлік құралдарын анықтау және  тыйым салу жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда.

 Жол полициясы қызметкерлерінің іс-шараларын «Мегакам.Қорғау» бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегі арқылы автоағында салықтар бойынша берешегі бар машиналар анықталады. Бұзушылар анықталғаннан кейін сот орындаушылары берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамауды жүзеге асырады.

Жалпы, ағымдағы жылдың 30 қазандағы жағдай бойынша меншік салығы бойынша берешек 2 млрд. 616 млн. теңгені құрайды, оның негізгі үлесі көлік салығы бойынша 2 млрд.140 млн. теңгені, мүлік салығы 476 млн. теңгені құрайды.

Департамент мәжбүрлеу шараларын (шоттарды тыйым салу, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуды шектеу) болдырмау үшін берешекті тексеруге және төлеуге шақырады.

Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында, egov.kz электрондық үкімет порталында, еSalyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады.

Сондай-ақ, берешек болған жағдайда, сот орындаушыларымен уақытша елден шығуға шектелген борышкерлер тізімін ҚР Әділет министрлігінің сайтында тексеруге болатынын хабарлаймыз".

Азаматтар салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram @Astana_mkd_dgd_astana арқылы біле алады.