Date of publication: 21.11.2024 17:54
Date of changing: 21.11.2024 17:56

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тіркелу үшін  Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының атына «E-otinish» бірыңғай платформасы арқылы өтініш беру қажет.

 

         Заңды тұлғалардың СЭҚҚ ретінде тіркелу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • Басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Басшы болмаған жағдайда уәкілетті тұлғаға сенімхат.

 

Жеке тұлғалардың СЭҚҚ ретінде тіркелу үшін ұсыну қажет:

  • Еркін нысандағы өтініш;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі.

 

         Сыртқы экономикалық қатысушыларды тіркеу бюджетке алымдарды, кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей, өтеусіз жүзеге асырылады.