
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі мұндай келісімнiң (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимінiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн төлемдер үшiн сақталады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн, төлем көзiнен ұстап қалуға жататын салықтар бойынша салықтық мiндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлем көзiнен ұстап қалатын салық салу тәртібін реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөніндегі мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимiнде көзделген салықтың және бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.