Date of publication: 10.02.2025 17:25
Date of changing: 10.02.2025 17:29

Шот-фактура:

1) электр және жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ Салық кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;

3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;

4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.