Date of publication: 13.02.2025 10:03
Date of changing: 13.02.2025 10:09

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

  • қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
  • бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
  • осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
  • тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
  • салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
  • тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.