
Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) 40 тонна және одан жоғары жүк көтеретін карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер.