
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300 бабына сәйкес «Алдияр» Шаруа қожалығының басшысы 09.01.1961 жылы туған Т.Т. Алданьязовқа қатысты іс сотқа қарауға жіберіліп, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамының «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген бюджеттік несиені 15 060 000 теңге сомасын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 219-бабы 2-бөлігіне сәйкес мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша 2017 жылдың 10 қаңтарында қылмыстық ісі аяқталды.
2017 жылғы 14 наурыздағы Сот үкіміне сәйкес Алданьязов Т.Т. кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 219-бабының 2-бөлігі бойынша 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы