
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 371, 393, 402 баптарына сәйкес «Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация» жөніндегі декларацияның (700.00 нысаны) тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталатынын ескертеді.
Мемлекеттік кірістер органдарына көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны:
1) көлік құралы салығы - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша;
2) жер салығы - жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын жеке кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жерi бойынша;
3) мүлік салығы - шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша тапсырады.
Толық ақпаратты Департаменттің www.astana.kgd.gov.kz. сайтында алуға болады.