Date of publication: 27.02.2025 18:38
Date of changing: 27.02.2025 18:39

Құрметті пайдаланушылар!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

1 наурыз сағат 16:00-ден 2 наурыз сағат 17:00-ге дейін интернет желісінде провайдерді ауыстыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ішінара қолжетімсіз болады.

Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.