
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 08 сәуірден бастап Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зеделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (заңнамада, салықтық және кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2025 жылғы 08 сәуірге дейін uvk.astana6201kz@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.
Анықтама үшін: телефон 77-31-24.