Date of publication: 08.04.2025 16:27
Date of changing: 08.04.2025 16:30

 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Департамент) акцизделетін өнім айналымы саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын ескесалады.

Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды тиісті сертификаттарсыз, сәйкестік белгілерінсіз және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін сату және сақтау фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар тұрақтынегізде жүргізіледі.

Бұл ретте талаптарға сәйкес келмейтін өнім заңсыз болып саналады және сатуға жіберілмейді.

Нарыққа қажетті құжаттарсыз келетін тауарлар экономика үшін ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігі үшін де зиян келтіретінін атап өткен жөн.

Департамент акцизделетін тауарлар айналымы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.