
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-үлгілік қағидалар) сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 31 наурыздағы №268 бұйрығымен "Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы", сондай - ақ "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" № 4 үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі - №4 ҮББ) іске асыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2025 жылғы 31 наурыздағы №268 бұйрықта бекітілген салалық заңнаманы қолдануда практикалық тәжірибесі бар қызметкерлерден: Департамент басшысының орынбасарынан, басқарма басшыларынан және кеден бекеттерінен тұратын жұмыс тобы жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұсыныстар әзірлеу үшін ақпараттық жүйелердің деректері және басқа да талдамалық ақпарат зерделенді.
Департаменттің басқармалары мен кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі кезеңдер мен № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша Үлгілік қағидалар мен Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылды:
1) талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және жалпылау;
2) талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жасау;
3) талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау және мониторингтеу.
Жұмыс барысында талданды:
- Департаменттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
- мемлекеттік қызмет көрсету;
- талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- 2024 жылдың кезеңі мен 2025 жылдың өткен кезеңі үшін бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- ақпараттық жүйелер;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау;
- мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау;
- мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру фактілерін анықтау;
- мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуға жіберу.
Департамент жұмысының функцияларының көптігі мен салааралық сипатын ескере отырып, қызметтің негізгі бағыттары талдаумен қамтылды, атап айтқанда:
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
- МКО қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
Талдау қорытындысы бойынша 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:
Талдаумен қамтылған қызмет бағыты
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Тіркеуі (қайта тіркеуі) сотпен жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге камералдық бақылау туралы хабарламаны қалыптастыру және жолдау процесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
ТЖТ/ҚТЖТ бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаны қалыптастыру және жолдау салықтық бақылау шараларын жүргізу тәртібін бекіту туралы Регламентте 21.07.2020 ж. №248 көзделген іс-шаралардан кейін (салық төлеушілерге қатысты мемлекеттік кірістер органдарының іс-қимылдарын ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы, тіркеуі (қайта тіркеуі), мәмілелер (операциялар), шот-фактураны және (немесе) басқа да құжаттарды жазып беру әрекеті сотпен жарамсыз деп танылған, және сот актісімен заңды күшіне енген, алайда іс-жүзінде жеке кәсіпкерлік субъектісімен жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі, тауарлардың жөнелтілуі және олардың контрагенттерімен жасалғаны дәлелденбеген).
Регламенттің 3-тармағына сәйкес : «МКБ соттан немесе басқа да мемлекеттік органдарынан материалдар алынған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде...» іс-шараларды өткізудің басталуы белгіленген, алайда көрсетілген мерзіміне дейін сот шешімі уақтылы алынбаса не заңды күшіне енгені туралы белгі уақтылы қойылмаса және т. б., бұл уақтылы қабылданбаған іс-шараларға, ескіруге және басқа шаралар қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Осыған байланысты, қабылданып жатқан шаралардың жүйелілігін ретке келтіру, бизнес-процесті жақсарту және жұмыс тәртібінің жоғары көлемін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ААТЖ "Төрелік " және сот шешімдерінің тізімдерін апта сайын қалыптастыру, онда талапкер Мемлекеттік кірістер органдары (ТЖТ/ҚТЖТ болып табылады, мәмілелерді жарамсыз деп тану), интеграциялау жолымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Сот әкімшілігі деңгейінде ТЖТ/ҚТЖТ бойынша материалдарды жолдау жұмыстары оңтайландыруды ұсынамыз кейіннен сот шешімінің күшіне енгені туралы белгі қоюды және осы тізбенің шаралар қабылдау үшін аумақтық Департаменттерге жіберілуін бақылай отырып жүргізіледі.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Әдейі банкроттықтың белгілері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін 3 ай ішінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарманың қызметкері қасақана банкроттық фактілері бойынша талдау жүргізуге міндетті. ЭШФ мониторингі мен банктердің үзінді көшірмелерін әрбір қызметкер жеке жүргізеді және "адами факторды" алып жүреді.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
SDF (Smart Data Finance) АЖ жүйесінде әдейі банкроттық белгілерін автоматты түрде анықтау процесін іске асыру.
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда заңнамада регламенттелген шараларды қабылдамау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Жауапты лауазымды адамның уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда декларация беру мерзімдерін бұзғаны үшін кінәлі адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде заңнамада регламенттелген шаралар қолданбауы. (ҚР ӘҚБтК 538-бабы. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу).
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Уақытша сақтау мерзімдерін бақылау модулін "КЕДЕН ҰИП" АЖ-не енгізу автоматты режимде уақытша сақтау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді енгізбей уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда тауарларға декларация беруді жүзеге асыруға, сондай-ақ ҚР 26.12.2017ж. №123-VI ҚРЗ "ҚР Кедендік реттеу туралы" Кодексінің 52-тарауына сәйкес қабылданған шаралар туралы мәліметтерді енгізуге мүмкіндік бермейді.
- Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен ішкі құжаттар
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Кеден шекарасын кесіп өтетін тұлға мен кеден бекетінің қызметшісі арасындағы байланыс.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
Жеке тұлғалардың және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының багажына кедендік қарап-тексеру жүргізу кезінде кедендік қарап-тексеру актісі оны кеден органдары кедендік операциялар жасау және (немесе) Кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланатын жағдайда ғана жасалады. Осы нормада көрсетілген мән-жайларға қарамастан, адамның қол жүгін кедендік тексеру кезінде тексеру актісін ресімдеу қажеттілігі туралы норманы қосу қажет.
Осылайша, кедендік шекараны кесіп өтетін тұлға ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген нормаларды бұза отырып, жеке пайданлануға арналған тауарларға рұқсат беруде (жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген салмақтық және сандық және/немесе басқа да нормалар) сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындау ықтималдығы бар кеден қызметкерлерімен байланыса алады.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Кеден кодексінің 412 - бабы 4-тармағының 2-абзацына және (немесе) кедендік бақылауды деген сөзден кейін "...әуе көлігімен жүретін адамдарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерін іріктеу қағидатына, Кедендік бақылау нысандарына және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларға негізделеді. Кедендік бақылау объектілерін, Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады. Осылайша Кедендік бақылау толық жүргізілмейді және жолаушылардың жүріп-тұру уақытына әсер етпейді.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кеден бекетінің қызметкерімен өзара байланысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабының 4-тармағына сәйкес порт АЭА мен логистикалық АЭА-ны қоспағанда, тауарларды АЭА аумағына әкелу осындай әкелу туралы кеден органын хабардар ете отырып жүзеге асырылады. "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 247 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес порт АЭА мен логистикалық АЭА-ны қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына тауарларды әкелу Мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі - МҚК) осы бұйрыққа 4 – қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі-хабарлама) электрондық түрде беру жолымен жүзеге асырылады.
Кедендік құжаттар ретінде мынадай құжаттардың бірі пайдаланылады: шот-фактура, тауар-көлік жүкқұжаты, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес МКО ресімделген тауарларға арналған декларация немесе соған сәйкес тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған өзге құжат; транзиттік декларация немесе өзге құжат (ХЖТ кітапшасы, Carnet АТА), транзиттік декларация ретінде пайдаланылады. АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы шешімді МКО лауазымды адамы тауарлар мен құжаттарға қатысты кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін қағаз жеткізгіште дереу қабылдайды. МКО тауарларды АЭА аумағына әкелу туралы хабарламаны тіркеудің қағаз журналында тауар-көлік жүкқұжаттарының келіп түскен көшірмелерінің есебін жүргізеді.
Қазіргі уақытта бекетте хабарламаларды тіркеу тек қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Хабарламаларды тіркеу үшін бекетке СЭҚҚ-ның өзі қатысуы керек.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2018 жылғы № 247 бұйрығына өзгеріс/толықтыру енгізуді хабарламаларды тіркеуді тауарларды АЭА аумағына әкелу туралы қағаз жеткізгіште ресімдеу мүмкіндігінсіз "ТІЖ" ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асырады.
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушысы мен Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы арасындағы тікелей байланыс.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
«Тауарларға арналған декларациялар ретінде коммерциялық көліктік (тасымалдау) не (немесе) басқа құжаттарды қолдану тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының № 263 шешімінің 2 - тармағына сәйкес (бұдан әрі-шешім) тауарларды кедендік декларациялау кезінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) коммерциялық тауарларға арналған декларация ретінде пайдалана отырып) декларант немесе кеден өкілі осындай құжаттармен бірге кеден органына жазбаша өтініш немесе тауарлар тізбесін ұсынады. Бұдан басқа, шешімнің 3-тармағына сәйкес көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылатын ТД беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен қоса жүрмейді. ТТ ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін АЭА аумақтарында немесе олардың бөліктерінде орналастыруға және пайдалануға арналған және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты тізбе ұсыныла отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін өзге мемлекеттердің аумақтарынан әкелінетін – Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылады. Қағаз жеткізгіште беру үшін сыртқы экономикалық қызметке (ЭҚАБ) қатысушы кеден бекетіне физикалық түрде келеді, жүкқұжаттардың деректері (хабарламалар) көрсетілген тауарларға тізбе береді. Кедендік бақылаудан кейін кеден бекетінің қызметкері журналда тауарларға арналған тізбе деректерін толтырады және шығарылымға жеке нөмірлік мөрмен рұқсат етіледі деген белгі қояды.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы Кеден одағы комиссиясының №263 шешіміне көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды декларант немесе кедендік тауарларға арналған декларация ретінде пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде өзгеріс енгізу, декларант немесе кеден өкілімен құжаттарды кеден органына ақпараттық жүйе ("АСТАНА-1" АЖ немесе "КЕДЕН" АЖ) арқылы қағаз жеткізгіште ұсынбай электрондық түрде ұсынылады.




























