Date of publication: 12.04.2017 14:27
Date of changing: 12.04.2017 14:27

Салық бойынша берешек елден шығуға тыйым салуға, сонымен қатар мүлікке тыйым салуға себеп болуы мүмкін.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, салықтар бойынша берешек болуына байланысты 1 538 іс сотқа жіберілді. Әрі қарай елден шығуға тыйым салу, мүлікке тыйым салу секілді мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылатын болады.

Салық берешектерін қысқа мерзімде өтеу қажет. Берешекті kgd.gov.kz сайтынан немесе Республика даңғылы 52, 205 каб, тел. 77-31-88, 77-32-25 тексеруге болады.