
2025 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытыңдысы бойынша бекітілген кестеге сәйкес Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы мен Берешектермен жұмыс басқармасы қызметкерлерімен "Әдейі банкроттық белгілерін анықтау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер." тақырыбында түсіндірме жұмыс өткізілді. Семинар мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.




























