Date of publication: 21.10.2025 17:11
Date of changing: 21.10.2025 17:12

 Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:

-жеке тұлға осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;

-жеке тұлғаның осы Кодекстің 332-бабында көрсетілген мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі;

-жеке тұлға осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;

-дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;

-талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

-шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.