
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде дінтану саласындағы сарапшы - Астана қ. әкімдігінің Діни істер басқармасына қарасты «Qamqor Astana» қоғамдық қорының теологы Арман Нурахметулының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – заңнамаларда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Сөз сөйлеуші діни саясатына, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаларың бұзғаны үшін қолданылатын шараларға, IKomek 109 қолдау қызметі арқылы діни сұрақтар бойынша консультативтік көмек көрсету жұмысына тоқталды.
Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауаптарын алды.




























