
2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнін мерекелеуге орайластырылған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Департамент басшысы Серік Манзоров қызметкерлерге төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етті. Марапаттар адал еңбегі, жоғары кәсіби жауапкершілігі және лауазымдық міндеттерін мінсіз орындағаны үшін берілді.
Департамент барлық қызметкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының тиімді қызметін қамтамасыз етуге және елдің қаржы жүйесін одан әрі нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.




























