Date of publication: 18.11.2025 16:28
Date of changing: 18.11.2025 16:29

Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кірісті алушы - бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын, мынадай:

- резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқа түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;

өзге мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

- осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;

өзге мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

- шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады.