
Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін - ауыл шаруашылығы өнімі):
- өсімдік шаруашылығы өнімін;
- мал шаруашылығы өнімін;
- құс шаруашылығы өнімін;
- балара шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, шаруа немесе фермер қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер деп танылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдері де жатады.




























