
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі, алкоголь өнімін жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен, дайындалған қолдан тәсілімен заңсыз жасау және өткізу әшкереленді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы кенті, 3ш/а, 182 учаскесі мекен-жайы бойынша заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех анықталды.
Іс-жүргізу тексеру барысында дайын алкоголь өнімдері: «Хаома» арағы, «Қазақстан» коньягі, саны 11 дана 5 литрлік пластик бөтелке, өзіне тән спирт иісі бар сұйықтық, «Хаома», «Қазақстан» атауы бойынша эскиздер түріндегі жапсырмалар және жалған есепке алу-бақылау маркалары, тығындау бұйымдары, көптеген бос 5 литрлік пластик бөтелкелер мен бос бөтелкелер, сондай-ақ өзге де заңсыз алкоголь өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын заттар оқиға болған жерден тәркіленді.
Бұл факт ҚР ҚК кодексінің 233-бабының 2-бөлігі СДТБТ №177100121000097 23.04.2017 ж. тіркелді
Ұсталған тұлғалар өз айыптарына сәйкес куәлендіру шаралары қолға алынды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті