
Pos-терминалды орнатуды және қолдануды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымындағы «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Заңының 11-бабына сәйкес ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын , Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (әрі қарай – Салық кодексі) кодексінің 644 бабының 18 тармағына сәйкес ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болатындығына ерекше көңіл аудару қажет. Салық кодексінің 645 бабына сүйене отырып Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi. Яғни Pos-терминал арқылы төленсе сіз міндетті түрде фискалды түбіртек беруіңіз қажет.
Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу құқық бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚбК 284 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы құқық бұзушылық болып табылады және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 194 және 195 баптары негізінде ЖК - 40 АЕК көлеміндегі, ЗТ - 80 АЕК көлеміндегі штраф түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.