Date of publication: 30.12.2025 16:37
Date of changing: 30.12.2025 16:39

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының негізінде олардың кәсіби мінез-құлық нормаларын айқындайтын қағидаттар жүйесі жатыр, атап айтқанда:

- адалдық-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

- адалдық-өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

- әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

- ашықтық - жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

- сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

- клиентке бағдарлану – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұрау салуларына толық бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде және өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңның көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.