
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасы аясында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармалары жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультативтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ халықтың қаржылық және салықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған “Халық бухгалтері” акциясын тұрақты негізде жүзеге асыруда.
Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында аталған бастаманың жалғасы ретінде “Халық бухгалтері” акциясының кезекті іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бейінді басқармалардың мамандары тартылды.
Акция барысында қатысушыларға бухгалтерлік және салықтық есептілікті дайындау және тапсыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетіліп, 2026 жылға арналған салық салудың негізгі мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
“Халық бухгалтері” акциясын өткізу тұрақты негізде — апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жоспарлануда.




























