
Тауарларды шығаруды кеден органы - кедендік декларация тіркелген кезден бастап не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда басталған жағдайларда, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.




























