
Мемлекеттік кірістер органдарымен, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында сервистік (көшпелі) топтардың жұмысын ұйымдастырды. Көшпелі қызмет көрсету I–II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздығы бар азаматтарға, күтімге мұқтаж 80 жастан асқан қарт адамдарға, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына көрсетіледі.
Сервистік топтың шығуына өтінімді 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы беруге болады.
Көшпелі қызмет көрсету бекітілген кестеге сәйкес, өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады.




























