
2026 жылғы 21 қаңтарда «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерімен түсіндіру кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушыларға Салық кодексі аясындағы негізгі өзгерістер, арнаулы салық режимдерін қолдану, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл кәсіпкерлерге қажетті түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.




























