Date of publication: 26.01.2026 14:56
Date of changing: 26.01.2026 15:02

Өз тауарларын сақтау қоймасының иесі:

-үй-жайды немесе ашық алаңды осы Кодекстің 165-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті түрде жайластыруға;

-үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

-кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

-есепке алуды (оның ішінде автоматтандырылған бақылау мен есепке алу нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға;

-сақталатын тауарларға кеден органдарының рұқсатынсыз бөтен тұлғалардың қол жеткізуін болғызбауға;

-кеден органдары лауазымды адамдарының талабы бойынша олардың сақталатын тауарларға қол жеткізуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;

-тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға;

-кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасының алаңын ұлғайту не азайту туралы осы жұмыстарды орындауды жоспарлап отырған мерзімді көрсете отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етуге міндетті.