Date of publication: 29.01.2026 09:21
Date of changing: 29.01.2026 09:23

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:

-бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын өндірісін;

-бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды көтерме жəне (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

-этил спиртін жəне (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруді;

-алкоголь өнімдерін көтерме жəне (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

-темекі өнімдерін өндіруді жəне (немесе) көтерме саудада өткізуді;

-ойын бизнесін;

-Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес, сондай-ақ өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде төлем жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды);

-тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.