
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың тасымалдаушысы не декларанты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар басқа да құжаттарды:
-автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - олар тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап үш сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда - осы кеден органының жұмысы басталған уақыттан бастап үш сағат ішінде;
-су, әуе немесе теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты - халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей ұсынуға міндетті.




























