Date of publication: 03.03.2026 09:33
Date of changing: 03.03.2026 09:36
Салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кіріс осы Кодекстің 13-бабында айқындалған, төленген (төлеуге жататын) дивидендтер болып табылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кіріске сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алынған сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кірісі де жатады.