Date of publication: 10.03.2026 10:24
Date of changing: 10.03.2026 10:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Назарбаев Университеті арасында студенттердің тәжірибеден өтуі туралы келісім шарты жасалған.
Аталған шартты іске асыру шеңберінде және студенттерге кедендік операцияларды жүзеге асыру мен кедендік бақылау жүргізу саласында тәжірибеден өткен біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Астана қаласының халықаралық әуежайындағы «Әуежай-Астана», «Астана-кедендік рәсімдеу орталығы», «Астана Жаңа қала» АЭА» кеден бекеттерінде және «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-де Назарбаев Университетінің студенттерімен көшпелі іс-шаралар өткізілді.