
Жою тауардың жою кедендік рәсімімен орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен кеден органы құратын комиссияның көзінше және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жою кедендік рәсімімен тауардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Жою:
-нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және басқа) жолымен жүргізіледі. Тауарларды жою тәсілі оларды қалпына келтіру, мақсаты бойынша пайдалану үшін бастапқы күйіне келтіру мүмкіндігін болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс;
-мұндай зақымдаулар тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болғызбайтындай етіп тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен зақымдауды қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық зақымдау жолымен жүргізіледі.
Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларға қатысты жою комиссияның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы актісі негізінде жүргізілген болып есептеледі.




























